"Ел болашағы -жаңарған Конституцияда" тақырыбында жиналыс өткізілді
С.О.Талжанов атындағы ЖББ мектебінде 10-ші ақпан күні Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру жұмыстары аясында педагогтердің қатысуымен "Ел болашағы -жаңарған Конституцияда" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жаңа конституция жобасы мемлекетті жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Бұл құжатта адам құқықтары мен бостандықтары басты құндылық ретінде айқындалуы қажет. Сондай-ақ билік органдарының жауапкершілігін арттыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту маңызды. Конституция халықтың еркін білдіретін құжат болғандықтан, оны қабылдау барысында қоғам пікірі ескерілуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана жаңа конституция елдің демократиялық дамуына негіз бола алады.
#НҰРААУДАНЫБІЛІМБӨЛІМІ
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg