Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!
6 «А» сыныбында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Наурыз мейрамының тарихымен танысып, оның халқымыз үшін маңызы зор, Жаңа жылдың бастауын білдіретін ерекше мереке екенін білді.
Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың мерекесі. Бұл күні қазақ халқы ұлттық киімдерін киіп, бір-бірін қонаққа шақырып, сыйлықтар мен ақжарма тілектерін арнайды. Дастарханға дәстүрлі Наурыз көже қойылады.
Мереке кезінде айтыстар ұйымдастырылып, жастар алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойнайды. Халық аңызы бойынша 21 наурыздан 22 наурызға қараған түнде жерді Қыдыр ата аралап, ағаш отырғызып, адамдарға бақ-береке мен молшылық сыйлайды.
✨ Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын!
Бейбітшілік, береке және молшылық әр шаңырақта болсын! ????