13 наурыз күні Абай қаласында "Мен өмір сүргім келетін қала"атты жастар пікірталасы өтті.
13 наурыз күні Абай қаласында "Мен өмір сүргім келетін қала"атты жастар пікірталасы өтті. Оған біздің мектептің белсенділері де қатысты. Мектеп белсенділері арасында абаттандыру мен экологиядан қауіпсіздікке дейінгі қалалық ортаның дамуы талқыланды. Ашық диалог форматында балалар туған қаласындағы инфрақұрылым мен өмір сапасын жақсарту бойынша өз идеяларын ұсынды.