3Б сыныбында «Төтенше жағдай кезіндегі мінез-құлық ережелері» тақырыбында сынып сағаты өтті. ????
Сабақ барысында оқушылар төтенше жағдайларда қауіпсіз әрекет етудің негізгі ережелерімен танысты. Балалар өрт, жер сілкінісі және басқа да қауіпті жағдайлар кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін талқылады.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындады.
Сабақ соңында балалар төтенше жағдайларда сабыр сақтап, қауіпсіздік ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінді.