«SMART BALA» жобасы аясында «Startup» байқауының екінші кезеңі өтті. Бұл кезеңде оқушылар стартап жобасын құрудың негізгі қадамдарымен тереңірек танысты.
Қатысушылар идеяның пайда болуынан бастап, мәселені анықтау, жоспар құру, өнімді әзірлеу және оны таныстыруға дейінгі барлық үдерістер туралы жаңа білім алды. Сонымен қатар, жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жолдарын меңгеріп, өз идеяларының болашағын бағалауды үйренді.
Практикалық бөлім аясында оқушылар өз идеяларын іске асыруды бастап, жеке жобаларын әзірлеуге кірісті. Бұл олардың креативті ойлау, топпен жұмыс жасау, жоспарлау және жауапкершілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
«Startup» байқауының екінші кезеңі оқушылардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастырып, өз идеяларын нақты жобаға айналдыруға бағытталған маңызды қадам болды.