2026 жылдың 16 ақпанында 5 «А» сыныбында «Жасампаздық — жақсылық жасау» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты — оқушыларға жақсы істердің маңызын түсіндіру, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әңгіме барысында оқушылар «жасампаздық» сөзінің мағынасын талқылап, өз өмірлерінен жақсы істердің мысалдарын келтірді.
Сондай-ақ оқушылар «Жақсылық па, жамандық па?» ойынына қатысып, «Жақсылық ағашын» жасады.
Сынып сағаты белсенді өтіп, оқушылардың мейірімділік пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.