back-image
КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
«Ұлттық құндылықтар-асыл мұра»
11-12-2024 11:37
«Ұлттық құндылықтар-асыл мұра»

2024 жылдың 11 желтоқсан күні Абай ауданының «Сапалы білім баршаға қолжетімді» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасын іске асыру аясында «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК құзыреттілік Орталығында «Ұлттық құндылықтар-асыл мұра» атты тақырыпта аудандық семинар-практикум өтті.

Семинарда «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК құзыреттілік Орталығына енген Абай ауданының білім беру ұйымдары, сонымен қатар «Әжелер мектебінің» өкілдері қатысты.

«Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК, «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК, «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы шағын орталықтың педагогтері берілген бағытта өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. «Мейірімділік ағашы» рефлексиясында әр қатысушының жүрек шынайылығымен, ақыл даналығымен, жан махаббатымен, жылы лебіздерімен әрбір жапырақ толтырылды.

Семинар-практикум қатысушылары мектепке дейінгі білім беру призмасы арқылы ұлттық құндылықты танып білді. Өйткені, біздің мұра мемлекетіміздің ең кішкентай бүлдіршіндерінен бастау алады. Бұл игі іс боларына сеніміміз мол.

Новости