???? 19 қазан 2026 жыл
???? «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ мен «Астана қаласындағы зияткерлік мектебі» арасында 2023 жылдың сәуір айында жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында бірлескен мақсатты жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
✨ Бүгін осы серіктестіктің жалғасы ретінде Астана қаласындағы зияткерлік мектеп өкілдері гимназиямызға арнайы іссапармен келіп, маңызды кәсіби-тәжірибелік кездесулер өткізді.
???? БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ – САПАЛЫ БІЛІМ!
Кездесу барысында зияткерлік мектепте білім алуға ниетті 6-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арнайы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушыларға:
- мектепке қабылдау ережелері мен талаптары;
- білім беру бағдарламасының ерекшеліктері;
- оқытылатын пәндер мен оқу үдерісінің бағыттары;
- оқушыларға қойылатын академиялық талаптар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
???? ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІ!
Сонымен қатар, гимназия педагогтерімен топтық кездесулер, әкімшілік өкілдерімен іскерлік отырыс ұйымдастырылып, алдағы бірлескен іс-шаралардың негізгі бағыттары талқыланды.
???? 27 қараша 2026 жыл – «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар.
???? 7 қаңтар 2027 жыл – «Lesson Study – үлгермеушілерге негізгі көмек болады» тақырыбындағы семинар-конференция.
Аталған іс-шаралардың бағдарламалары талқыланып, мақсат-міндеттері айқындалып, ұйымдастыру жұмыстары жоспарланды.
???? АЛҒЫС ПЕН ЫҚЫЛАС!
Кәсіби-тәжірибелік кездесуге жетекшілік етіп келген Астана қаласындағы зияткерлік мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Гүлмира Ерболатовнаға, директордың даму ісі жөніндегі орынбасары Гүлден Ануарбековнаға және мектеп өкілдеріне мазмұнды кездесулері, құнды идеялары, тәжірибелік қолдаулары мен кәсіби ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
???? БІРЛЕСКЕН ІЗДЕНІС – ЖАҢА МҮМКІНДІК, ОРТАҚ МАҚСАТ – САПАЛЫ БІЛІМ!
Алдағы уақытта да екі білім ордасы арасындағы ынтымақтастық нығайып, білім сапасын арттыруға бағытталған игі бастамалар өз жалғасын табады деп сенеміз!




